/KASE, 17.09.24/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана),
KASE-ге былай деп хабарлады:
дәйексөздің басы
2024 жылы 11 қыркүйекте, Атырау облысындағы "Ұлттық индустриялық
мұнай-химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағында қуаты жылына
1,25 млн тонна полиэтилен өндіретін зауыттың бастапқы құрылыс
жұмыстары басталды. Жобаға тартылған инвестиция көлемі шамамен
7,4 млрд АҚШ долларын құрайды.
Салтанатты рәсімге ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сағындық
Лұқпанов, Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ
Басқарма төрағасы Асхат Хасенов, энергетика вице-министрі Ерлан
Ақкенженов, Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков,
сондай-ақ СИБУР-дың басқарма мүшесі – атқарушы директоры Сергей
Комышан және Sinopec Overseas Investment Holding вице-президенті
Чжао Тецзю қатысты.
дәйексөздің соңы
Осы ақпарат орналастырылды:
-
https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_relizs_160924_kz.pdf –
қазақ тілінде;
-
https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_relizs_160924_1.pdf –
орыс тілінде;
-
https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_relizs_160924_en.pdf –
ағылшын
тілінде.
[2024-09-17]