/KASE, 16.09.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың
17 қыркүйегінен бастап "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана)
XS1595713782, US48667QAN51 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар"
санаты, KMGZe11) халықаралық облигацияларымен KASE-де сауда-саттық
қайта басталатыны туралы хабарлайды.
Аталған облигациялармен KASE-дегі сауда-саттық 2024 жылдың
04 қыркүйегінен бастап тоқтатылды.
Аталған облигациялардың сауда-саттығы аталған облигацияларды
мерзімінен бұрын ішінара өтеу процедурасының аяқталуына байланысты
қайта басталды.
Осы тақырып бойынша бұрын KASE 2024 жылдың 04 қыркүйегіндегі
"04 қыркүйектен бастап Қазақстан қор биржасында "ҚазМұнайГаз" Ұлттық
компаниясы" АҚ-ның XS1595713782, US48667QAN51 (KMGZe11)
халықаралық облигацияларымен сауда-саттық тоқтатылды" тақырыбындағы
жаңалығы жарияланған болатын –
https://kase.kz/kz/news/show/1528796/
[2024-09-16]