"Тойота Файнаншл Сервисез Қазақстан" МҚҰ" ЖШС KZ2P00011976 (MFTFb4) облигациялары негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE-де листинг процедурасынан өтті

12.09.24 11:30
/KASE, 12.09.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2024 жылдың 11 қыркүйекте "Тойота Файнаншл Сервисез Қазақстан" МҚҰ" ЖШС (Алматы) KZ2P00011976 (1 000 теңге, 5,0 млрд теңге; 5 жыл; жарты жылдық купон облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындысы бойынша анықталатын болады; 30/360) облигацияларын негізгі алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигацияларды шығару 2023 жылдың 11 сәуірінде 100,0 млрд теңге сомасында тіркелген "Тойота Файнаншл Сервисез Қазақстан" МҚҰ" ЖШС бірінші облигациялық бағдарламасы шегінде үшінші болып табылады. "Тойота Файнаншл Сервисез Қазақстан" МҚҰ" ЖШС-нің қаржылық кеңесшісі және андеррайтері "Halyk Finance "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталған облигацияларға MFTFb4 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- ресурсында жарияланатын болады. [2024-09-12]