12 қыркүйектен бастап "ТССП Групп" ЖШС облигацияларының төрт
шығарылымы баламалы алаңның "облигациялар" және
"коммерциялық облигациялар" санаттарынан KASE ресми тізімінің
негізгі алаңының тиісті санаттарына ауыстырылады
11.09.24 17:24
/KASE, 11.09.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік
комиссиясы 2024 жылдың 11 қыркүйегінде баламалы алаңның
"облигациялар" және "коммерциялық облигациялар" санаттарынан KASE
ресми тізімінің негізгі алаңының тиісті санаттарына "ТССП Групп" ЖШС
(Астана) келесі облигацияларын аудару туралы шешім қабылдады:
1) KZ2P00008113 (TSSPb1; 1 000 теңге, 1,5 млрд теңге; 3 жыл; тоқсандық
купон, жылдық 18,00 %; 30/360);
2) KZ2P00009061 (TSSPb3; 1 000 теңге, 500,0 млн теңге; 05.12.23 –
05.12.24; тоқсандық купон, жылдық 20,00 %; 30/360);
3) KZ2P00009079 (TSSPb4; 1 000 теңге, 500,0 млн теңге; 360 күн;
тоқсандық купон, жылдық 20,00 %; 30/360);
4) KZ2P00009087 (TSSPb5; 1 000 теңге, 500,0 млн теңге; 360 күн;
тоқсандық купон, жылдық 20,00 %; 30/360).
Листингілік комиссияның бұл шешімі 2024 жылдың 12 қыркүйегінен
бастап күшіне енеді.
2024 жылдың 09 қыркүйектегі KASE қорытындысында "ТССП Групп" ЖШС
және оның көрсетілген облигацияларын тексеру нәтижелері бойынша
олардың негізгі алаңның "облигациялар" және "коммерциялық
облигациялар" санаттары бойынша KASE ресми тізімінде көрсетілген
облигациялардың болуы үшін Листингтік ережелерде белгіленген
критерийлер мен талаптарға сәйкестігі анықталғаны атап өтілді.
[2024-09-11]