/KASE, 11.09.24/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін KASE сауда-саттық
жүйесінде "Bank RBK" Банкі" АҚ (Алматы) (KASE негізгі алаңы,
"коммерциялық облигациялар" санаты, INBNb15) облигацияларын төменде
келтірілген шарттарда (Астана қ. уақыты) орналастыру бойынша арнайы
мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізіледі.
-------------------------------------------------------------------------
Бағалы қағаздардың түрі: дисконттық облигациялар
ISIN: KZ2C00011336
KASE сауда-саттық коды: INBNb15
Номиналды құны, теңге: 1 000,00
Шығарылым көлемі, теңге:
– тіркелген: 50 000 000 000
– орналастырылған (номиналы бойынша): 19 277 810 000
Айналыстың басталу күні: 22.05.24
Айналыста болудың соңғы күні: 16.05.25
Өтеудің басталу күні: 17.05.25
Айналыс мерзімі: 360 күн
Уақыттық базасы: actual/actual
------------------------------------------ ------------------------------
Сауда-саттық күні: 11.09.24
Орналастырудың жарияланған көлемі, 10 722 190 000
теңге:
Лот мөлшері, дана: 1
Сауда-саттық мәні: дисконтталған баға
Сатып алуға өтінім түрі: шектелімді
Өтінім беру тәсілі: жабық
Өтінімдерді қабылдау уақыты: 10:00–13:00
Өтінімдерді растау уақыты: 10:00–13:00
Кесім уақыты: 14:30 (Т+0)
Төлеу күні және уақыты: 11.09.24, 14:30
Өтінімдерді кесу әдісі: бағалары кесімдеу бағасына тең
немесе одан төмен өтінімдер
кесімделеді
Өтінімдердің бағасына байланысты кесімдеу бағасы бойынша
шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру
тәсілі:
Шектелімді өтінімдерді оларды беру қарсылама өтінімдерді қабылдау
кезектілігіне қарай қанағаттандыру тәсілі: уақыты бойынша
Сауда-саттықты өткізудің бастамашысы: "Teniz Capital Investment
Banking" АҚ
-------------------------------------------------------------------------
Баға ретінде өтінімде бағалы қағаздың номиналды құнынан пайызбен
көрсетілген, үтірден кейінгі төртінші таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетілген
облигациялардың дисконтталған бағасы көрсетілуі тиіс.
Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде дана облигациялардың саны
көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лот мөлшеріне тең немесе
еселенген болуы тиіс.
Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының және бір
облигацияның номиналды құнының көбейтіндісі көрсетілуі тиіс.
Мәміле көлемі Облигациялардың кірістілігін және облигациялармен
жасалған мәмілелер сомаларын есептеу әдістемесінің 4 тарауына сәйкес
есептеледі
https://kase.kz/files/normative_base/bond_yield.pdf
Есептеулерді "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ оның
қағидалар жинағына сәйкес жүзеге асырады. Бағалы қағаздарды сатып
алушы "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ шотында өзі сатып
алған бағалы қағаздарға ақы төлеуге ақшаның кестеде көрсетілген төлем
уақытына болуын қамтамасыз етуге міндетті.
Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдерді тек KASE қор нарығының мүшелері
ғана бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтініш
бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің тізімі мына сілтеме бойынша
жарияланды
https://kase.kz/kz/membership
Сауда-клирингтік жүйелерде сауда-саттықты өткізу әдістері туралы ереже
мына сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/files/normative_base/methods_ASTS+.pdf
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/bonds/show/INBNb15/
[2024-09-11]