KZ
RU
EN
9 қыркүйек 2026, 05:25
KZ
RU
EN
Кіру
10.09.2024 18:20 #Сауда-саттық ақпараты

10 қыркүйекте Қазақстан қор биржасында "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ өзінің KZ2C00011245 (BTRKb14) облигацияларын жылдық 13,87 % орналастыра отырып, 35,0 млрд теңге тартты

/KASE, 10.09.24/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде "Бәйтерек "ҰБХ" АҚ (Астана) KZ2C00011245 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, BTRKb14; 1 000 теңге, 100,0 млрд теңге; 10.09.24 – 10.09.25; 30/360) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өтті. Төменде сұраным параметрлері және мамандандырылған сауда-саттық нәтижелері келтірілген.

----------------------------------------------------------------
СҰРАНЫМ ПАРАМЕТРЛЕРІ:
---------------------------------------------- -----------------
Қатысушылар саны:                              11
Берілген өтінімдер саны (барлығы / белсенді),  32 / 24
оның ішінде
– шектелімді:                                  32 / 24
– нарықтық:                                    0 / 0
Белсенді өтінімдер көлемі*, млн теңге:         87 120,0
– шектелімді:                                  87 120,0
– нарықтық:                                    0,0
Ұсынымға сұраным:                              х2,5 есе
Берілген өтінімдер бойынша купон мөлшерлемесі, жылдық %
(барлығы / белсенді):
– минималды                                    13,7500
– максималды                                   13,9500
– орташа сараланған                            13,8745 / 13,8713
----------------------------------------------------------------
* белсенді өтінімдер-өтінімдерді беру кезеңі аяқталған сәтте
  сауда-саттыққа қатысушылар жоймаған, оның ішінде,
  Растау жүйесіне қатысушылар растаған өтінімдер.

Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінде банктердің үлесіне – 63,1 %, брокерлік – дилерлік ұйымдардың үлесіне – 0,6 %, басқа институционалдық инвесторлардың үлесіне – 32,7 %, басқа заңды тұлғалардың үлесіне – 3,6 % тиді.

ОРНАЛАСТЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ:

---------------------------------------------- ----------------
Қанағаттандырылған өтінімдердің,               35 000 000
облигациялардың көлемі:
Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі, теңге: 35 000 000 000,0
Қанағаттандырылған өтінімдер саны:             15
Өтінімдері қанағаттандырылған қатысушылар      7
саны:
Қанағаттандырылған өтінімдер көлемі,           100,0
жоспардан %:
Қанағаттандырылған өтінімдердегі купон         13,8700
мөлшерлемесі, жылдық %:
---------------------------------------------------------------

Инвесторлардың негізгі санаттары бөлінісінде орналастыру кезінде жалпы көлемнің 71,4 % – банктер, 1,5 % – брокерлік-дилерлік ұйымдар, 19,7 % – басқа институционалдық инвесторлар, 7,8 % – басқа заңды тұлғалар сатып алды.

"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) деректеріне сәйкес сауда-саттық нәтижелері бойынша есеп айырысу аяқталған сәтте осы орналастыру бойынша мәміле толық орындалды.

ОРНАЛАСМТЫРУ ШАРТТАРЫ:

----------------------------------------------- ---------------------------------
Сауда-саттық күні:                              10.09.24
Орналастырудың жарияланған көлемі, теңге:       35 000 000 000
Лот мөлшері, дана:                              1
Сауда-саттық мәні:                              купон мөлшерлемесі
Сатып алуға өтінім түрі:                        шектелімді
Өтінім беру тәсілі:                             жабық
Өтінімдерді қабылдау уақыты:                    10:00–12:00
Өтінімдерді растау уақыты:                      10:00–12:30
Кесімдеу уақыты:                                14:00 (Т+0)
Төлем күні мен уақыты:                          10.09.24, 14:00
Өтінімдерді кесу әдісі:                         бағалары кесімдеу бағасына тең
                                                немесе одан жоғары өтінімдер
                                                кесімделеді
Өтінімдердің бағасына қарай шектелімді          бірыңғай кесу бағасы бойынша
өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі:
Шектелімді өтінімдерді беру кезектілігіне қарай қарсылама өтінімдерді қабылдау
қанағаттандыру тәсілі:                          уақыты бойынша
Сауда-саттықты өткізудің бастамашысы:           "First Heartland Jusan Invest" АҚ
---------------------------------------------------------------------------------

[2024-09-10]