/KASE, 10.09.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор
биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2024 жылдың
12 қыркүйегінде болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
МЕОКАМ KZKD00000679 (MUM060_0052) мемлекеттік орта мерзімді
қазынашылық міндеттемелерін орналастыру бойынша арнайы
мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді.
KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы
сомасы 22 102 573 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу
бағасын номиналдан 95,5731 % (кірістілігі – жылдық 13,20%) деңгейінде
белгіледі. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза баға
номиналдан 95,5856 % құрады (кірістілігі – жылдық 13,19%).
Орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалық кейінірек
жарияланады.
KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 12 қыркүйекте болатын
және өтеуге дейінгі мерзімі 1,9 жыл KZKD00000679 (MUM060_0052)
МЕОКАМ орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама
сауда-саттық өткізіледі" жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/kz/news/show/1528936/
[2024-09-10]