KZ
9 шілде 2025, 12:47
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
10.09.2024 14:57 #Сауда-саттық ақпараты

10 қыркүйек күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 12 қыркүйекте болатын МЕУКАМ KZKD00001251 (MUM072_0015) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өтті

/KASE, 10.09.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2024 жылдың 12 қыркүйегінде болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің МЕУКАМ KZKD00001251 (MUM072_0015) мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерін орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді.

KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы сомасы 22 965 599 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу бағасын номиналдан 94,4250 % (кірістілігі – жылдық 13,45%) деңгейінде белгіледі. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза баға номиналдан 94,6413 % құрады (кірістілігі – жылдық 13,39%).

Орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалық кейінірек жарияланады.

KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 12 қыркүйекте болатын және өтеуге дейінгі мерзімі 5,5 жыл KZKD00001251 (MUM0720_0015) МЕУКАМ орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізіледі" жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2024-09-10]