10 қыркүйектен бастап Қазақстан қор биржасында "BASS Gold" ЖШС KZ2P00011778 (FPSTb5) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

09.09.24 16:44
/KASE, 09.09.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 10 қыркүйегінен бастап "bass Gold" ЖШС (Ұлытау обл.) KZ2P00011778 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, FPSTb5; $100, $10,0 млн; 04.09.24-04.09.26; жартыжылдық купон, жылдық 11,00%; 30/360) облигацияларының KASE-де сауда-саттығы ашылатынын хабарлайды. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – АҚШ доллары. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/bonds/show/FPSTb5/ [2024-09-09]