"Bank RBK" Банкі" АҚ KZ2C00011880 (INBNb16) облигациялары негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE-де листинг процедурасынан өтті

06.09.24 16:55
/KASE, 06.09.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2024 жылдың 06 қыркүйегінде "Bank RBK" Банкі" АҚ (Алматы) KZ2C00011880 (1 000 теңге, 80,0 млрд теңге; 7 жыл, инфляция деңгейі бойынша индекстелген жарты жылдық купон; 30/360) облигацияларын негізгі алаңын "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың шығарылымы 2022 жылдың 24 тамызда жалпы сомасы 500,0 млрд теңгеге тіркелген "Bank RBK" Банкі" АҚ үшінші облигациялық бағдарламасы шеңберінде төртінші болып табылады. Аталған облигацияларға INBNb16 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- ресурсында жарияланатын болады. [2024-09-06]