/KASE, 04.09.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың
04 қыркүйегінен бастап "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана)
XS1595713782, US48667QAN51 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар"
санаты, KMGZe11) халықаралық облигацияларымен KASE-де сауда-саттық
тоқтатылғанын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі
құжатының 13 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес аталған
облигациялардың алдағы мерзімінен бұрын өтелуіне байланысты
тоқтатылды.
Бұған дейін осы тақырып бойынша KASE 2024 жылдың 03 қыркүйегіндегі
""ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ XS1595713782, US48667QAN51
(KMGZe11) халықаралық облигацияларын мерзімінен бұрын өтеу туралы
хабарлайды" тақырыбындағы жаңалығы жарияланған болатын –
https://kase.kz/kz/news/show/1528659/
[2024-09-04]