05 қыркүйектен бастап Қазақстан қор биржасында теңгеге рубльдің бағамына (RU-10.24) бір айлық фьючерстермен сауда-саттық ашылды
/KASE, 05.09.24/ – 2024 жылдың 05 қыркүйегінен бастап Қазақстан қор биржасында (KASE) 2024 жылдың 17 қазанында орындалатын теңгеге Ресей рублінің бағамына бір айлық фьючерстермен сауда-саттық ашылды.
KASE сауда жүйесінде көрсетілген айлық келісімшартқа RU-10.24 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді.
KASE туынды қаржы құралдарымен сауда-саттық KASE-де жұмыс күндері Астана қ.уақытымен 10:00-ден 17:30-ға дейін, осы сауда-саттық бойынша клирингілік сессия – Астана қ. уақытымен 20:30-дан 21:00-ге дейін өткізілетінін еске салады.
Туынды қаржы құралдарымен биржалық сауда-саттыққа KASE деривативтер нарығының клирингілік қатысушылары қатыса алады, олардың тізімі KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланған толығырақ
KASE фьючерстерінің сауда саттық нәтижелері мына сілтеме бойынша жарияланады толығырақ
KASE деривативтер нарығының жұмыс істеу тәртібін реттейтін ішкі құжаттар мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ ("Сауда- саттықтар" – "Деривативтер" қалташасы).
[2024-09-05]