АҚШ Қаржы министрлігінің US912797GL51 (US 112_2409) халықаралық облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

05.09.24 09:10
/KASE, 05.09.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 05 қыркүйегінен бастап АҚШ Қаржы министрлігінің US912797GL51 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, US112_2409; $43 129,0 млн; 07.09.23 – 05.09.24; actual/360) дисконттық халықаралық облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылғанын хабарлайды. Аталған облигациялар KASE ресми тізімінің "Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына 2024 жылдың 22 ақпанынан бастап енгізілді. Олармен сауда- саттық 2024 жылдың 14 наурызынан бастап ашылды. [2024-09-05]