KZ
17 шілде 2025, 03:48
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
03.09.2024 18:32 #Сауда-саттық ақпараты

Қазақстан Қаржы министрлігі 03 қыркүйек күні Қазақстан қор биржасында 355,5 млн МЕККАМ KZKD00000357 (MKM012_0158) өтеуге орташа сараланған кірістілігі жылдық 13,16 %-бен орналастырды

/KASE, 03.09.24/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерін (МЕККАМ) орналастыру бойынша төменде келтірілген шарттарда (Астана қ. уақыты) қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткенін хабарлайды.

---------------------------------------------------------------------
СҰРАНЫМ ПАРАМЕТРЛЕРІ:                                                
----------------------------------------------- ---------------------
Қатысушылар саны:                               9                    
Берілген өтінімдер саны (барлығы/белсенді),     33 / 31              
оның ішінде:                                                         
– шектелімді:                                   32 / 30              
– нарықтық:                                     1 / 1                
Белсенді өтінімдер көлемі*, млн теңге,          173 087,7            
оның ішінде:                                                         
– шектелімді:                                   172 587,7            
– нарықтық:                                     500,0                
Сұранымға өтінім:                               х6,4 раз             
Берілген өтінімдер бойынша баға, номиналдан % (барлығы / белсенді):  
– минималды                                     89,9287              
– максималды                                    90,1968              
– орташа сараланған                             90,0690 / 90,0728    
Берілген өтінімдер бойынша кірістілік, жылдық % (барлығы / белсенді):
– минималды                                     13,1500              
– максималды                                    13,5500              
– орташа сараланған                             13,3404 / 13,3347    
---------------------------------------------------------------------
* белсенді өтінімдер – өтінімдерді беру кезеңі аяқталған кезде       
  жойылмаған, оның ішінде Растау жүйесінің қатысушылары              
  растаған өтінімдер                                                 

Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінде банктердің үлесіне – 94,2%, басқа институционалдық инвесторлардың үлесіне – 5,8 %тиесілі болды.

ОРНАЛАСТЫРУДЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ:

-------------------------------------------------- ----------------
Қанағаттандырылған өтінімдер көлемі, облигациялар: 355 543 968     
Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі, теңге:     32 065 849 940,4
Қанағаттандырылған өтінімдер саны:                 5               
Өтінімдері қанағаттандырылған қатысушылар саны:    3               
Қанағаттандырылған өтінімдер көлемі, жоспардан %:  118,5           
Қанағаттандырылған өтінімдер көлемі, сұранымнан %: 18,5            
Кесімдеудің "таза" бағасы, %:                      90,1766         
Қанағаттандырылған өтінімдердегі "таза" баға, номиналдан %:        
– минималды                                        90,1766         
– максималды                                       90,1968         
– орташа сараланған                                90,1881         
Кесімдеу бағасы бойынша кірістілік, жылдық %:      13,1800         
Сатып алушы үшін өтеуге облигациялардың кірістілігі,жылдық %:      
– минималды                                        13,1500         
– максималды                                       13,1800         
– орташа сараланған                                13,1628         
-------------------------------------------------------------------

Орналастыру кезінде барлық көлемді банктер сатып алады.

Бұрын жүргізілген орналастыруды ескере отырып, МЕККАМ KZKD00000357 (MKM012_0158) толық көлемі номиналды құны 161 381 968 800 теңге сомасына 1 613 819 688 облигацияны құрады.

Осы орналастыру бойынша есептесулер Т+2 сызбасы бойынша жүзеге асырылады. Бүгінгі аукционда сатылған МЕКАМ мәмілелер бойынша міндеттемелер орындалған күннен кейінгі келесі жұмыс күні кестеде көрсетілген сауда-саттық кодымен KASE қайталама нарығында айналысқа жіберілетін болады. Бұл ретте облигациялар KASE сауда-саттық жүйесінде таза бағамен белгіленуі тиіс.

ОРНАЛАСТЫРУ ШАРТТАРЫ:

--------------------------------------------- -----------------------------
Сауда-саттық күні:                            03.09.24                     
Өтеуге дейін мерзімі:                         304 күн                      
Орналастырудың жарияланған көлемі, млн теңге: 30 000,0                     
Сауда-саттық мәні:                            "таза" баға                  
Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру           нарықтық сұранысқа қарай     
дәрежесі,%:                                   0-ден 100-ге дейін           
Өтінім беру тәсілі:                           жабық                        
Өтінімдерді қабылдау уақыты:                  09:00–12:00                  
Өтінімдерді растау уақыты:                    09:00–12:00                  
Кесімдеу күні және уақыты:                    03.09.24, 15:00              
Төлеу күні:                                   05.09.24                     
Қарсылама шектелімді өтінімдерді              қарсылама өтінімдердің       
қанағатандыру тәсілі:                         көлеміне пропорционалды      
Шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру әдісі:  кесімдеу бағасына тең немесе 
                                              сатушы үшін ұтымдырақ болатын
                                              қарсылама шектелімді         
                                              өтінімдердің бағасы бойынша  
Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру әдісі:    орташа сараланған баға       
                                              бойынша                      
---------------------------------------------------------------------------

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін шығару, орналастыру, айналысқа шығару, оларға қызмет көрсету және өтеу ережелері толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін орналастыру ережелері толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат ссылке толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.

[2024-09-03]