KZ
12 шілде 2025, 09:43
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
03.09.2024 15:28 #Сауда-саттық ақпараты

03 қыркүйек күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 05 қыркүйекте болатын МЕККАМ KZKD00000357 (MKM012_0158) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өтті

/KASE, 03.09.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2024 жылдың 05 қыркүйегінде болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің МЕККАМ KZKD00000357 (MKM012_0158) мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелерін орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді.

KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы сомасы 35 554 396 800 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу бағасын номиналдан 90,1766 % (кірістілігі – жылдық 13,18%) деңгейінде белгіледі. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза баға номиналдан 90,1881 % құрады (кірістілігі – жылдық 13,16%).

Орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалық кейінірек жарияланады.

KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 05 қыркүйекте болатын және өтеуге дейінгі мерзімі 304 күн KZKD00000357 (MKM012_0158) МЕККАМ орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізіледі" жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2024-09-03]