Еуразиялық даму банкінің KZ2D00010873 (EABRb46) облигациялары
айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен
шығарылды
03.09.24 09:15
/KASE, 03.09.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың
03 қыркүйегінен бастап Еуразиялық даму банкінің KZ2D00010873
("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRb46;
1 000 теңге, 50,0 млрд теңге; 12.03.24 – 03.09.24; actual/365) дисконттық
облигацияларының айналым мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми
тізімінен шығарылғанын хабарлайды.
Аталған облигациялар KASE ресми тізімінің "Халықаралық қаржы
ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына 2024 жылдың 17 қаңтарынан
бастап енгізілді. Олармен сауда-саттық 2024 жылдың 13 наурызынан бастап
ашылды.
[2024-09-03]