KASE "ҚазТрансОйл" АҚ арналған "Эмитент күнін" өткізді
29.08.24 16:16
/KASE, 29.08.24/ – 28 тамызда Қазақстан қор биржасы (KASE) "Эмитент күні"
жобасы аясында "ҚазТрансОйл" АҚ басшылығының инвесторлармен және
бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларымен онлайн кездесуін өткізді.
Кездесу 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы "ҚазТрансОйл" АҚ
қызметінің қорытындыларына арналды.
Іс-шараға Бас директордың корпоративтік басқару жөніндегі орынбасары
Алмас Оңғарсынов және Бас директордың экономика және қаржы жөніндегі
орынбасары Әміржан Оспанов қатысты.
Эмитент өкілдері 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы өндірістік және
қаржылық нәтижелер туралы айтып, компания қызметінің түрлі бағыттары
туралы сұрақтарға жауап берді.
[2024-08-29]