"Өскемен титан-магний комбинаты" АҚ акционерлері 2023 жылдағы таза табысты бөлу тәртібін бекітті

02.09.24 12:05
/KASE, 02.09.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Өскемен титан-магний комбинаты" АҚ (Өскемен) 2024 жылдың 28 тамызында өткен акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы KASE-ге хабарлады. Акционерлер келесі шешімдерді қабылдады: - компанияның 2023 жылға жылдық қаржылық есептілігі бекітілсін; - компанияның 2023 жылдағы 4 070 867 мың теңге сомасындағы таза табысын бөлу тәртібі бекітілсін: - 91 724 мың теңге – дивидендтерге; - 3 979 143 мың тенге – техникалық қайта жарақтандыруға, ғылыми- зерттеу жұмыстарына және негізгі құралдарды сатып алуға инвестицияларға. Акционерлердің жалпы жиналысында жиналыстың күн тәртібіндегі алты мәселе бойынша шешімдер қабылданды. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/UTMK/utmk_special_shareholders_meeting_results_280824_3766.pdf [2024-09-02]