Абай және Ақмола облыстарының әкімдіктері 29 тамыз күні Қазақстан қор биржасында 5,4 млрд теңге тартты

29.08.24 16:55
/KASE, 29.08.24/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде жергілікті атқарушы органдар облигацияларының екі шығарылымын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтті. Мамандандырылған сауда-саттық нәтижелері бойынша келесі облигациялар орналастырылды: - Абай облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002004 (AIK022_200; 1 000 теңге, 2 000 000 000 теңге; 29.08.24 – 29.06.26; жарты жылдық купон, жылдық 4,25 %; 30/360) облигациялары 2,0 млрд теңгеге; - Ақмола облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002012 (AKK022_201; 1 000 теңге, 3 375 467 000 теңге; 29.08.24 – 29.06.26; жарты жылдық купон, 4,25 %; 30/360) облигациялары 3,4 млрд теңгеге. Аталған облигациялар мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру мақсатында шығарылды. [2024-08-29]