29 тамыз күні Қазақстан қор биржасында жергілікті атқарушы органдар облигацияларының екі шығарылымын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтеді

28.08.24 17:25
/KASE, 28.08.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 29 тамызында KASE сауда-саттық жүйесінде жергілікті атқарушы органдардың мынадай облигацияларын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтетінін хабарлайды: - Абай облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002004 ("мемлекеттік бағалы қағаздар"секторы, AIK022_200; 1 000 теңге, 2 000 000 000 теңге; 22 ай; жарты жылдық купон, жылдық 4,25 %; 30/360) облигацияларының 2 000 000 данасы; - Ақмола облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00001980 ("мемлекеттік бағалы қағаздар"секторы, AKK022_201; 1 000 теңге, 3 375 467 000 теңге; 22 ай; жарты жылдық купон, жылдық 44,25 %; 30/360) облигацияларының 3 375 467 данасы. Өтінімдерді қабылдау Астана қ. уақытымен 14:00-ден 15:30-ға дейін, есептеулерді жүзеге асыру уақыты – Астана қ. уақытымен 16:00-ге дейін жүзеге асырылады. Баға ретінде өтінімде бағалы қағаздың номиналды құнының пайызымен үтірден кейінгі төртінші белгіге дейінгі дәлдікпен көрсетілген облигациялардың "таза" бағасы (жинақталған сыйақыны есепке алмағанда) көрсетілуі тиіс. Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде дана облигациялардың саны көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лот мөлшеріне тең немесе еселенген болуы тиіс. Лоттың мөлшері – 1 облигация. Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының және бір облигацияның "лас" бағасының (жинақталған сыйақыны ескере отырып) туындысы көрсетілуі тиіс. Сауда-саттыққа KASE сауда жүйесіне жабық тәсілмен берілген шектеулі өтінімдер ғана қабылданады. Өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі: бірыңғай кесімдеу бағасы бойынша, қарсылама өтінімдерді қабылдау уақыты бойынша. Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдерді тек KASE қор нарығының мүшелері ғана бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтініш бере алады. https://kase.kz/ru/membership Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару ережелері мына сілтеме бойынша жариялады https://kase.kz/files/mix/post_1520.pdf Сауда-клирингтік жүйелерде сауда-саттықты өткізу әдістері туралы қағида мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/files/normative_base/methods_ASTS.pdf Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/gsecs/ [2024-08-28]