KZ
12 шілде 2025, 06:36
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
27.08.2024 12:06 #KASE жаңалықтары

АНОНС: 28 ТАМЫЗДА KASE "ҚАЗТРАНСОЙЛ" АҚ АРНАЛҒАН "ЭМИТЕНТ КҮНІН" ӨТКІЗЕДІ

/KASE, 27.08.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 28 тамызында "Эмитент күні" жобасы шеңберінде инвесторлар мен бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары үшін "ҚазТрансОйл" АҚ басшылығымен онлайн-кездесу өтетінін хабарлайды.

Кездесу тақырыбы "2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы "ҚазТрансОйл" АҚ қызметінің қорытындысы". Іс-шараның басталуы – Алматы қаласы уақытымен сағат 11:00.

Іс-шара спикерлері:

  • Алмас Оңғарсынов, Бас директордың корпоративтік басқару жөніндегі орынбасары;
  • Әміржан Оспанов, Бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары.

Кездесуге сондай-ақ даму жөніндегі Басқарушы директор Абай Иманғалиев, сондай-ақ "ҚазТрансОйл" АҚ құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен мамандары қатысады.

Іс-шараға қатысу үшін мына сілтеме бойынша тіркеуден өту қажет толығырақ

[2024-08-27]