/KASE, 27.08.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың
28 тамызында "Эмитент күні" жобасы шеңберінде инвесторлар мен бағалы
қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары үшін "ҚазТрансОйл" АҚ
басшылығымен онлайн-кездесу өтетінін хабарлайды.
Кездесу тақырыбы "2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы "ҚазТрансОйл" АҚ
қызметінің қорытындысы". Іс-шараның басталуы – Алматы қаласы уақытымен
сағат 11:00.
Іс-шара спикерлері:
- Алмас Оңғарсынов, Бас директордың корпоративтік басқару жөніндегі
орынбасары;
- Әміржан Оспанов, Бас директордың экономика және қаржы жөніндегі
орынбасары.
Кездесуге сондай-ақ даму жөніндегі Басқарушы директор Абай Иманғалиев,
сондай-ақ "ҚазТрансОйл" АҚ құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен
мамандары қатысады.
Іс-шараға қатысу үшін мына сілтеме бойынша тіркеуден өту қажет
https://us06web.zoom.us/meeting/register/tZcvcu-sqTMtEtUPef_sgI_o8DY6YCZnOor3?_x_zm_rtaid=7wOMxkX-SVOguJacNsxYsw.1724741581258.1a91311d327e0213af36048f1dc250bb&_x_zm_rhtaid=358#/registration
[2024-08-27]