KASE Листингілік комиссиясы "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ KZ2C00011823 (AGKKpp4) облигацияларын "Жеке орналастыру" алаңы бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады

27.08.24 10:18
/KASE, 27.08.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2024 жылдың 26 тамызында "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (Астана) KZ2C00011823 (1 000 теңге, 100,0 млрд теңге, 1 жыл; жартыжылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындысы бойынша анықталатын болады; 30/360) облигацияларын "Жеке орналастыру" алаңы бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигацияларға AGKKpp4 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- ресурсында жарияланатын болады. [2024-08-27]