"Тойота Файнаншл Сервисез Қазақстан" МҚҰ" ЖШС өзінің KZ2P00009699 (MFTFb2) облигацияларының өтелгені туралы хабарлады

22.08.24 16:53
/KASE, 22.08.24/ – "Тойота Файнаншл Сервисез Қазақстан" МҚҰ" ЖШС (Алматы) Қазақстан қор биржасына (KASE) 2024 жылдың 20 тамызында өзінің KZ2P00009699 (MFTFb2) облигацияларын өтеу туралы хабарлады, өтеу шеңберінде көрсетілген облигациялар бойынша екiншi купондық сыйақы төленді. Аталған хабарламаға сәйкес аталған облигациялар бойынша төлемдердің жалпы сомасы 5 425 000 000 теңгені құрады, оның ішінде негізгі борыш (облигациялардың жиынтық номиналды құны) – 5 000 000 000 теңгені, екiншi купондық сыйақы– 425 000 000 теңгені құрады. [2024-08-22]