/KASE, 20.08.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының
шешімімен 2024 жылдың 21 тамызынан Еуразиялық даму банкінің
KZ2D00011863 (1 000 теңге, 50,0 млрд теңге; 3,0 жыл; жылдық купон
облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу
қорытындылары бойынша анықталатын болады; 30/360) облигациялары
бастап KASE ресми тізімінің "халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы
қағаздары" секторына енгізілді.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигацияларды шығару Қазақстан Республикасының Қаржы
нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2023 жылдың 18 шілдесінде тіркеген
Еуразиялық даму банкінің бесінші облигациялық бағдарламасы шеңберінде
жалпы сомасы 500,0 млрд теңгеге үшінші болып табылады.
Аталған облигацияларға EABRb52 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды)
берілді.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/bonds/show/EABRb52/
[2024-08-20]