Еуразиялық даму банкінің KZ2D00008828 (EABRb30) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

19.08.24 09:45
/KASE, 19.08.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 19 тамызынан бастап Еуразиялық даму банкінің KZ2D00008828 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRb30; 1 000 теңге, 50,0 млрд теңге; 19.08.22 – 19.08.24; жылдық купон, жылдық 15,00%, 30/360) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен алынып тасталғанын хабарлайды. Аталған облигациялар KASE ресми тізімінің "халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына 2022 жылдың 18 тамызынан бастап енгізілді. Олармен сауда-саттық 2022 жылдың 27 тамызынан бастап ашылды. [2024-08-19]