KASE және "SQIF Capital" АҚ мерзімді нарықта маркет-мейкер қызметтерін көрсетуге арналған шартқа қол қойды
/KASE, 14.08.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) және "SKIF Capital" АҚ мерзімді нарықта маркет-мейкер қызметтерін көрсетуге арналған шартқа қол қойды".
2024 жылғы 12 тамыздан бастап "SQIF Capital" АҚ KASE-де АҚШ долларының теңгеге қатысты бағамына және рубльдің теңгеге қатысты бағамына фьючерстер бойынша маркет-мейкер мәртебесіне ие болды.
KASE және "SQIF Capital" АҚ маркет-мейкер қызметтерін көрсету жөніндегі шартқа қол қойды. "SQIF Capital" АҚ маркет-мейкер ретінде сауда-саттық күні бойы валюталық фьючерстерді сатып алуға және сатуға қатысты баға белгілеулерді қолдауға міндетті.
KASE-де валюталық фьючерстер бойынша тұрақты маркет-мейкердің қатысуына байланысты биржалық нарыққа қатысушылардың мәмілелерді тиімді бағалармен жасау және нарықтық тәуекелдерді оңтайлы хеджирлеу мүмкіндіктері кеңейе түспек.
"SQIF Capital" АҚ KASE-нің қор, валюта және мерзімді нарықтарындағы мүшесі болып табылады, үлестік бағалы қағаздармен сауда-саттыққа, репо және валюталық своп операцияларына қатысады.
Осы іс-шараға арналған баспасөз мәлімдемесі KASE интернет-ресурсында жарияланды:
[2024-08-14]