KASE және "SQIF Capital" АҚ мерзімді нарықта маркет-мейкер қызметтерін көрсетуге арналған шартқа қол қойды

14.08.24 10:11
/KASE, 14.08.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) және "SKIF Capital" АҚ мерзімді нарықта маркет-мейкер қызметтерін көрсетуге арналған шартқа қол қойды". 2024 жылғы 12 тамыздан бастап "SQIF Capital" АҚ KASE-де АҚШ долларының теңгеге қатысты бағамына және рубльдің теңгеге қатысты бағамына фьючерстер бойынша маркет-мейкер мәртебесіне ие болды. KASE және "SQIF Capital" АҚ маркет-мейкер қызметтерін көрсету жөніндегі шартқа қол қойды. "SQIF Capital" АҚ маркет-мейкер ретінде сауда-саттық күні бойы валюталық фьючерстерді сатып алуға және сатуға қатысты баға белгілеулерді қолдауға міндетті. KASE-де валюталық фьючерстер бойынша тұрақты маркет-мейкердің қатысуына байланысты биржалық нарыққа қатысушылардың мәмілелерді тиімді бағалармен жасау және нарықтық тәуекелдерді оңтайлы хеджирлеу мүмкіндіктері кеңейе түспек. "SQIF Capital" АҚ KASE-нің қор, валюта және мерзімді нарықтарындағы мүшесі болып табылады, үлестік бағалы қағаздармен сауда-саттыққа, репо және валюталық своп операцияларына қатысады. Осы іс-шараға арналған баспасөз мәлімдемесі KASE интернет-ресурсында жарияланды: - https://kase.kz/files/press/ru/13_08_2024_sqif_kaz_.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/press/ru/13_08_2024_sqif_rus_.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/press/ru/13_08_2024_sqif_eng_.pdf – ағылшын тілінде. [2024-08-14]