KZ
12 шілде 2025, 12:58
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
13.08.2024 16:15 #Қаржы құралдары

14 тамыздан бастап Қазақстан қор биржасында АҚШ Қаржы министрлігінің халықаралық облигацияларының үш шығарылымы бойынша сауда саттық тоқтатыла тұрадды

/KASE, 13.08.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды: 2024 жылдың 14 тамыздан бастап есептесу күні 2024 жылдың 14 қарашасына және одан кейінгі күндерге келетін орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемелерінде жасалатын репо операциялары бойынша АҚШ Қаржы министрлігінің келесі халықаралық облигацияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылды:

1) US91282CAV37 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, US_06_3011);

2) US912810RJ97 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, US_07_4411);

3) US912810SY55 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы US_08_4105).

Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 14 қарашасында көрсетілген облигациялар бойынша купондық сыйақы төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты уақытша тоқтатылды.

KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттық 2024 жылдың 18 қарашасынан бастап қайта басталады.

[2024-08-13]