KZ
6 шілде 2025, 02:06
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
12.08.2024 18:06 #Корпоративтік уақиғалар

24 қыркүйекте "Шұбаркөл Премиум" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өтеді

/KASE, 12.08.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Шұбаркөл Премиум" АҚ (Қарағанды) KASE-ге 2024 жылдың 24 қыркүйегінде сағат 10:00-де акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өткізілетінін хабарлады. Жиналыстың күн тәртібінде:

1. жиналыстың күн тәртібін бекіту;

2. компанияның 2023 жылғы қаржылық есептілігін бекіту;

3. компанияның 2023 жылғы таза кірісін бөлу тәртібін және компанияның бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшерін анықтау;

4. компания акционерлерінің компанияның және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне қатысты шағымдары және оларды қарау қорытындылары туралы мәселені қарау;

5. компанияның Директорлар кеңесінің 2023 жылғы өз қызметі туралы есебін қарау;

6. компания акционерлеріне Компанияның Директорлар кеңесі мүшелерінің және атқарушы органының 2023 жылғы сыйақысының мөлшері мен құрамы туралы хабарлау.

Жиналыс туралы толық ақпарат KASE интернет-сайтында жарияланды – толығырақ

[2024-08-12]