/KASE, 12.08.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың шілде
айындағы қызметінің негізгі қорытындылары туралы хабарлайды.
- KASE-дегі сауда-саттықтың жиынтық көлемі 2024 жылдың шілдесінде
34,4 трлн теңгені құрады және маусыммен салыстырғанда 13,3%-ға
немесе 4,0 трлн теңгеге ұлғайды.
- Шілде айының қорытындысы бойынша KASE Индексінің мәні 1,6%-ға
өсіп, 5 234,43 тармақты құрады.
- Шілде айының қорытындысы бойынша акциялар нарығын
капиталдандыру 1,9%-ға 32,9 трлн теңгеге дейін өсті, саудаланатын
корпоративтік борыш көлемі 0,4%-ға 14,1 трлн теңгеге дейін.
- Шілде айында листинг рәсімінен екі жаңа эмитенттің корпоративтік
облигациялары өтті.
- 2024 жылғы 01 тамыздағы жағдай бойынша KASE сауда-саттық
тізімдерінде 706 атаудағы 254 эмитенттің мемлекеттік емес бағалы
қағаздары болды.
Бағалы қағаздар нарығының, шетел валюталарының, ақшаның, репо және
валюталық своп операцияларының, деривтивтер нарығының көрсеткіштерін,
сондай-ақ негізгі жобалар мен іс-шараларға шолуды қамтитын толық
ақпарат KASE интернет-ресурсында жарияланды:
-
https://kase.kz/files/press/ru/12_08_2024_Itogi_july_kaz.pdf – қазақ тілінде;
-
https://kase.kz/files/press/ru/12_08_2024_Itogi_july_ru.pdf – орыс тілінде;
-
https://kase.kz/files/press/ru/12_08_2024_Itogi_july_eng.pdf – ағылшын
тілінде.
[2024-08-12]