KASE биржалық нарықтың 2024 жылдың шілде айындағы жұмысын қорытындылады

12.08.24 17:20
/KASE, 12.08.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың шілде айындағы қызметінің негізгі қорытындылары туралы хабарлайды. - KASE-дегі сауда-саттықтың жиынтық көлемі 2024 жылдың шілдесінде 34,4 трлн теңгені құрады және маусыммен салыстырғанда 13,3%-ға немесе 4,0 трлн теңгеге ұлғайды. - Шілде айының қорытындысы бойынша KASE Индексінің мәні 1,6%-ға өсіп, 5 234,43 тармақты құрады. - Шілде айының қорытындысы бойынша акциялар нарығын капиталдандыру 1,9%-ға 32,9 трлн теңгеге дейін өсті, саудаланатын корпоративтік борыш көлемі 0,4%-ға 14,1 трлн теңгеге дейін. - Шілде айында листинг рәсімінен екі жаңа эмитенттің корпоративтік облигациялары өтті. - 2024 жылғы 01 тамыздағы жағдай бойынша KASE сауда-саттық тізімдерінде 706 атаудағы 254 эмитенттің мемлекеттік емес бағалы қағаздары болды. Бағалы қағаздар нарығының, шетел валюталарының, ақшаның, репо және валюталық своп операцияларының, деривтивтер нарығының көрсеткіштерін, сондай-ақ негізгі жобалар мен іс-шараларға шолуды қамтитын толық ақпарат KASE интернет-ресурсында жарияланды: - https://kase.kz/files/press/ru/12_08_2024_Itogi_july_kaz.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/press/ru/12_08_2024_Itogi_july_ru.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/press/ru/12_08_2024_Itogi_july_eng.pdf – ағылшын тілінде. [2024-08-12]