"Сейф-Ломбард" ЖШС-нің АҚ KZ2P00011729 (MFSLb3) облигациялары негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE-де листинг рәсімінен өтті

12.08.24 14:39
/KASE, 12.08.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингтік комиссиясы 2024 жылдың 12 тамызында "Сейф-Ломбард" ЖШС-нің (Алматы) KZ2P00011729 (1 000 теңге, 3,0 млрд теңге; 2 жыл; тоқсандық купон, жылдық 21,00 %; 30/360) облигацияларын баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енетін күні туралы қосымша хабарланады. KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланады. Аталған облигациялардың шығарылымы "Сейф-Ломбард" ЖШС-нің 2024 жылдың 19 шілдесінде 100,0 млрд теңге сомасына тіркелген бірінші облигациялық бағдарламасы шегінде бірінші шығарылым болып табылады. "Сейф-Ломбард" ЖШС-нің қаржылық кеңесшісі – "Банк ЦентрКредит" АҚ (Алматы) еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ. Облигацияларға MFSLb3 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-ресурсында жарияланады. [2024-08-12]