09 тамыздан бастап АҚШ Қаржы министрлігінің Халықаралық облигацияларының бес шығарылымы KASE ресми тізімінің "Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына енгізілді
/KASE, 09.08.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2024 жылдың 09 тамызынан бастап KASE ресми тізімінің "Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына АҚШ Қаржы министрлігінің мынадай дисконттық халықаралық облигациялары енгізілді:
1) US912797KT32 (US136_2410; $154 375,0 млн; 11.04.24 – 10.10.24; actual/360);
2) US912797LH84 (US137_2409; $145 422,0 млн; 21.05.24 – 17.09.24; actual/360);
3) US912797LT23 (US138_2410; $60 248,0 млн; 18.06.24 – 15.10.24; actual/360);
4) US912797MB06 (US139_2411; $60 153,0 млн; 16.07.24 – 12.11.24; actual/360);
5) US912797LF29 (US140_2412; $70 778,0 млн; 06.06.24 – 05.12.24; actual/360).
Аталған облигацияларға рұқсат берудің бастамашысы "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы) болып табылады.
Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланған толығырақ
[2024-08-09]