"Шұбаркөл Көмір" АҚ акционерлері компанияның 2023 жылдағы таза кірісін бөлмеу туралы шешім қабылдады

09.08.24 10:13
/KASE, 09.08.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Шұбаркөл Көмір" АҚ (Қарағанды) 2024 жылдың 02 тамызында өткен акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы KASE-ге хабарлады. Акционерлер оның ішінде келесі шешімдерді қабылдады: - компанияның 2023 жылға аудиттелген жылдық қаржылық есептілігі бекітілсін; - компанияның 2023 жылдағы таза кірісі 26 419 746 мың теңге мөлшерінде бөлінбесін; - жай акциялар бойынша 2023 жылға дивидендтер есептелмесін және төленбесін. Акционерлердің жалпы жиналысында күн тәртібіндегі төрт мәселе бойынша шешімдер қабылданды. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/SHUK/shuk_special_shareholders_meeting_results_020824_206.pdf [2024-08-09]