KZ
4 шілде 2025, 10:56
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
08.08.2024 15:14 #Нормативтік база

KASE Басқармасы Қаржы құралдарының тәуекел-параметрлерін анықтау әдістемесіне енгізілген өзгертулерді бекітті

/KASE, 08.08.24/ – Қазақстан қор биржасы Басқармасының (KASE) 2024 жылдың 25 шілдесіндегі шешімімен "Қаржы құралдарының тәуекел-параметрлерін анықтау әдістемесі" (Әдістеме) атты KASE ішкі құжатына № 10 (өзгертулер) өзгертулер бекітілді. Өзгертулердің қолданысқа енгізілген күні туралы қосымша хабарланатын болады.

Өзгертулер еуро, Ресей рублі және қытай юаны үшін шетел валютасының орталық бағамын анықтау бөлігінде енгізілді және мыналарды белгілейді: әрбір шетел валютасы үшін орталық бағам жасалған мәмілелер бағасын пайдалану негізінде анықталады, ол бойынша есеп айырысулар сауда- саттық өткізілген күннен кейінгі келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

Әдістеменің жаңартылған мәтіні KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланады толығырақ ("Клиринг" қалташасы).

[2024-08-08]