KASE Басқармасы Қаржы құралдарының тәуекел-параметрлерін анықтау әдістемесіне енгізілген өзгертулерді бекітті

08.08.24 15:14
/KASE, 08.08.24/ – Қазақстан қор биржасы Басқармасының (KASE) 2024 жылдың 25 шілдесіндегі шешімімен "Қаржы құралдарының тәуекел-параметрлерін анықтау әдістемесі" (Әдістеме) атты KASE ішкі құжатына № 10 (өзгертулер) өзгертулер бекітілді. Өзгертулердің қолданысқа енгізілген күні туралы қосымша хабарланатын болады. Өзгертулер еуро, Ресей рублі және қытай юаны үшін шетел валютасының орталық бағамын анықтау бөлігінде енгізілді және мыналарды белгілейді: әрбір шетел валютасы үшін орталық бағам жасалған мәмілелер бағасын пайдалану негізінде анықталады, ол бойынша есеп айырысулар сауда- саттық өткізілген күннен кейінгі келесі жұмыс күні жүзеге асырылады. Әдістеменің жаңартылған мәтіні KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланады https://kase.kz/ru/kase_rules/ ("Клиринг" қалташасы). [2024-08-08]