АҚШ Қаржы министрлігінің US912797GK78 (US 111_2408) халықаралық облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

08.08.24 09:19
/KASE, 08.08.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 08 тамызынан бастап АҚШ Қаржы министрлігінің US912797GK78 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, US111_2408; U$119 400,0 млн; 10.08.23 – 08.08.24; actual/360) дисконттық халықаралық облигацияларының айналым мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылғанын хабарлайды. Аталған облигациялар KASE ресми тізімінің "Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына 2024 жылдың 22 ақпанынан бастап енгізілді. Олармен сауда- саттық 2024 жылдың 14 наурызынан бастап ашылды. [2024-08-08]