KZ
12 шілде 2025, 06:52
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
06.08.2024 10:45 #Корпоративтік уақиғалар

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы өндірістік нәтижелерін хабарлады

/KASE, 06.08.24/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) KASE-ге ұсынған 2024 жылдың 05 тамызындағы баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарланады:

дәйексөздің басы

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ (бұдан әрі – "ҚМГ", "Компания"), Қазақстанның ұлттық мұнай-газ компаниясы, 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы өндірістік нәтижелерін жариялайды.

2023 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы негізгі өндірістік көрсеткіште:

  • Мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 1,1 %-ға артып, 11 989 мың тоннаны құрады;
  • Мұнай тасымалдау көлемі 6,2 %-ға ұлғайып, 41 733 мың тоннаға жетті;
  • Қазақстандық және румындық мұнай өңдеу зауыттарында көмірсутек шикізатын (КСШ) өңдеу көлемі 10 109 мың тоннамен салыстырғанда 8 902 мың тоннаны құрады.

дәйексөздің соңы

Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы орналастырылды:

[2024-08-06]