"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы өндірістік нәтижелерін хабарлады

06.08.24 10:45
/KASE, 06.08.24/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) KASE-ге ұсынған 2024 жылдың 05 тамызындағы баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарланады: дәйексөздің басы "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ (бұдан әрі – "ҚМГ", "Компания"), Қазақстанның ұлттық мұнай-газ компаниясы, 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы өндірістік нәтижелерін жариялайды. 2023 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы негізгі өндірістік көрсеткіште: - Мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 1,1 %-ға артып, 11 989 мың тоннаны құрады; - Мұнай тасымалдау көлемі 6,2 %-ға ұлғайып, 41 733 мың тоннаға жетті; - Қазақстандық және румындық мұнай өңдеу зауыттарында көмірсутек шикізатын (КСШ) өңдеу көлемі 10 109 мың тоннамен салыстырғанда 8 902 мың тоннаны құрады. дәйексөздің соңы Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы орналастырылды: - https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_relizs_050824_kz.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_relizs_050824_1.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_relizs_050824_en.pdf – ағылшын тілінде. [2024-08-06]