Еуразиялық даму банкінің KZ2D00010865 (EABRb45) облигациялары
айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен
шығарылды
06.08.24 09:33
/KASE, 06.08.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың
06 тамызынан бастап Еуразиялық даму банкінің KZ2D00010865
("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRb45;
1 000 теңге, 50,0 млрд теңге; 13.02.24 – 06.08.24; actual/365) дисконттық
облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми
тізімінен шығарылғанын хабарлайды.
Аталған облигациялар KASE ресми тізімінің "Халықаралық қаржы
ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына 2024 жылдың 17 қаңтарынан
бастап енгізілді. Олармен сауда-саттық 2024 жылдың 14 ақпанынан бастап ашылды.
[2024-08-06]