"ШалқияЦинк ЛТД" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2024 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
02.08.24 14:15
/KASE, 02.08.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде
тұрған, "ШалқияЦинк ЛТД" АҚ биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі
жүйесінің 2024 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 917 610 000 дана;
- компанияның 815 482 194 жай акциялары орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған
акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар
санына иеленген жалғыз тұлға "ТАУ-КЕН САМҰРЫҚ" ҰЛТТЫҚ ТАУ-КЕН КОМПАНИЯСЫ" АҚ
болып табылады.
[2024-08-02]