"Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ KZ2C00011757
(JSBNb4) әлеуметтік облигациялары негізгі алаңның "облигациялар"
санаты бойынша KASE-де листинг процедурасынан өтті
02.08.24 10:08
/KASE, 02.08.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік
комиссиясы 2024 жылдың 01 тамызында "Отбасы банкі" тұрғын үй
құрылыс жинақ банкі" АҚ (Алматы) KZ2C00011757 (1 000 теңге,
100,0 млрд теңге; 5 жыл; жарты жылдық купон, облигацияларды
орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындысы
бойынша анықталатын болады; 30/360) әлеуметтік облигациялардың негізгі
алаңын "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы
шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша
хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигацияларды шығару 2024 жылдың 04 шілдесінде 1 700,0 млрд
теңге сомасына тіркелген "Отбасы банкі "тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ
үшінші облигациялық бағдарламасы шегінде үшінші болып табылады.
Аталған облигацияларға JSBNb4 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат
Листингілік комиссиясы осы шешім күшіне енгеннен кейін KASE интернет-
ресурсында жарияланатын болады.
[2024-08-02]