KASE Басқармасы базалық активі "Эйр Астана" АҚ KZ1C00004050 (AIRA) жай акциялары болып табылатын US0090632078 (AIRAd) жаһандық депозитарлық қолхаттарын KASE ресми тізімінің "Туынды бағалы қағаздар" секторына қосу туралы шешім қабылдады

01.08.24 17:50
/KASE, 01.08.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 2024 жылдың 01 тамызында "Эйр Астана" АҚ (Алматы) KZ1C00004050 (KASE негізгі алаңы, "премиум" санаты, AIRA) акциялары базалық активі болып табылатын US0090632078 жаһандық депозитарлық қолхаттарды KASE ресми тізімінің "туынды бағалы қағаздар" секторына енгізу туралы шешім қабылдады. Басқарманың осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. KASE-де көрсетілген бағалы қағаздармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Көрсетілген бағалы қағаздарға AIRAd қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Аталған бағалы қағаздар туралы толығырақ ақпарат басқарманың осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-ресурсында жарияланатын болады. [2024-08-01]