/KASE, 01.08.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының
шешімімен 2024 жылдың 01 тамызынан бастап Түркістан облысының
жергілікті атқарушы органының KZMJ00001949 (1 000 теңге, 3 168 278 000
теңге; 22 ай; жарты жылдық купон, жылдық 4,25%; 30/360) облигациялары
KASE ресми тізімінің "Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына енгізілді.
Аталған облигацияларға TKK022_194 қысқартылған белгісі (сауда-саттық
коды) берілді.
Аталған облигациялар мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру
шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру мақсатында шығарылды.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мын
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/gsecs/show/TKK022_194/
[2024-08-01]