KZ
13 шілде 2025, 12:50
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
01.08.2024 12:45 #Корпоративтік уақиғалар

"RG Brands" АҚ 2023 жылға шоғырландырылған қаржылық есептілігі бойынша аудиторлық есеп жарияланды

/KASE, 01.08.24/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "RG Brands" АҚ (Алматы) компанияның 2023 жылға шоғырландырылған қаржылық есептілігі бойынша аудиторлық есебін KASE-ге ұсынды.

2023 жылдың 31 желтоқсанындағы аудиттелген деректерге сәйкес (егер өзгеше көрсетілмесе, мың теңгемен):

-------------------------------------------------------------------
                                               31.12.23    31.12.22
Көрсеткіш                                          ж.б.        ж.б.
------------------------------------------- ----------- -----------
Меншікті капитал                             12 170 390   7 886 488
Жиынтық активтер                             92 926 093 120 275 198
Жиынтық міндеттемелер                        80 755 703 112 388 710
Сату көлемі                                 171 461 101 156 388 822
Жалпы табыс                                  67 298 744  68 345 337
Таза пайда (таза шығын)                       2 373 150  14 008 615
Жай акцияның баланстық құны, теңге                3 464       2 214
Артықшылықты акцияның баланстық құны, теңге       1 200       1 200
ROA, %                                             2,55       11,65
ROE, %                                            19,50      177,63
ROS, %                                             1,38        8,96
-------------------------------------------------------------------

Компанияның 2023 жылға қаржылық есептілігінің аудитін "Делойт" ЖШС жүргізді. Ескертпесі бар пікірді қамтитын аудиторлық қорытындыға сәйкес шоғырландырылған қаржылық есептілік "RG Brands" АҚ мен оның еншілес компанияларының 2023 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша шоғырландырылған қаржылық жағдайын, сондай-ақ олардың шоғырландырылған қаржылық нәтижелерін және ҚЕХС сәйкес 2023 жылдағы ақша қаражатының шоғырландырылған қозғалысын барлық маңызды қатынастарда сенімді көрсетеді.

Есеп KASE интернет-ресурсында жарияланды – толығырақ

[2024-08-01]