KZ
12 шілде 2025, 09:13
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
31.07.2024 09:34 #Корпоративтік уақиғалар

"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ басшылық құрамындағы өзгерістер туралы хабарлайды

/KASE, 31.07.24/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) KASE-ге ұсынған 2024 жылдың 29 шілдесіндегі баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарланады:

дәйексөздің басы

Руслан Әлібекұлы Балықбаев "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Ол ірі жобалар бағытын басқарады.

Р. Балықбаев Қазақстан-Британ техникалық университетін "Мұнай және газ кен орындарын игеру", Турин қаласының политехникалық университетін (Polytechnic University of Turin) мұнай инженері магистрі мамандығы бойынша бітірген.

2013-2024 жылдары Р. Балықбаев "PSA" ЖШС-де менеджер, аға менеджер, департамент директоры, Солтүстік Каспий жобасы бойынша бас менеджер (Басқарма мүшесі) болып қызмет атқарды. Атқарған қажырлы еңбегі үшін "Ерен еңбегі үшін" мемлекеттік наградасымен, "Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері" төсбелгісімен марапатталған. 2019 жылдан бері — Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.

дәйексөздің соңы

Осы ақпарат орналастырылды:

[2024-07-31]