"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ басшылық құрамындағы өзгерістер туралы хабарлайды

31.07.24 09:34
/KASE, 31.07.24/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) KASE-ге ұсынған 2024 жылдың 29 шілдесіндегі баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарланады: дәйексөздің басы Руслан Әлібекұлы Балықбаев "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Ол ірі жобалар бағытын басқарады. Р. Балықбаев Қазақстан-Британ техникалық университетін "Мұнай және газ кен орындарын игеру", Турин қаласының политехникалық университетін (Polytechnic University of Turin) мұнай инженері магистрі мамандығы бойынша бітірген. 2013-2024 жылдары Р. Балықбаев "PSA" ЖШС-де менеджер, аға менеджер, департамент директоры, Солтүстік Каспий жобасы бойынша бас менеджер (Басқарма мүшесі) болып қызмет атқарды. Атқарған қажырлы еңбегі үшін "Ерен еңбегі үшін" мемлекеттік наградасымен, "Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері" төсбелгісімен марапатталған. 2019 жылдан бері — Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі. дәйексөздің соңы Осы ақпарат орналастырылды: - https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_relizs_290724_1.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_relizs_290724_-2.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_relizs_300724_en.pdf – ағылшын тілінде. [2024-07-31]