01 ТАМЫЗДАН БАСТАП KASE САЙТЫНДА БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫҢ НАРЫҚТЫҚ БАҒАЛАРЫ ЖАҢА ФОРМАТТА ЖАРИЯЛАНАДЫ

29.07.24 12:10
KASE, 29.07.24, 26.07.24, жаңалығын қайталау / – Бұдан бұрын хабарланғандай, 2024 жылдың 01 тамызынан бастап Қазақстан қор биржасы (KASE) бағалы қағаздардың нарықтық бағаларын есептеуді және жариялауды "Бағалы қағаздардың нарықтық бағаларын есептеу әдістемесі" (Әдістеме) жаңа ішкі құжатына сәйкес жүргізеді. 01 тамыздан бастап нарықтық бағалар туралы ақпарат KASE интернет- ресурсында кесте форматында күнделікті негізде "Нарықтық бағалау" бөлімінде жарияланады – https://kase.kz/ru/documents/marketvaluation/ KASE өзінің ақпараттық өнімдері шеңберінде API арқылы бағалы қағаздардың нарықтық бағаларын автоматты түрде алуға жазылу мүмкіндігін ұсынады. Жазылымды жүзеге асыру үшін mds@kase.kz электрондық поштасына сұрау жіберу қажет Көрсетілген күннен бастап KASE Клиринг орталығының (KACC) Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген Бағалы қағаздардың есептесу бағаларын анықтаудың қолданыстағы әдістемесіне сәйкес XLS, TXT және XML форматтарында бағалармен KASE интернет-ресурсында файлдарды орналастыру тоқтатылады. Бағалы қағаздардың есептесу бағаларын анықтау әдістемесіне сәйкес анықталған есептесу бағалар бойынша ақпаратты жариялау KASE және KACC интернет-ресурстарында "Қаржы құралдарының тәуекел-параметрлері" файлдарында жүзеге асырылатын болады. Әдістеме KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/kase_rules/ ("Әдістемелер" қалташасы). Бағалы қағаздардың есептесу бағаларын анықтау әдістемесі мына сілтеме бойынша KACC интернет-ресурсында жарияланды https://kacc.kase.kz/ru/clearing/ ("Клиринг" қалташасы). [2024-07-29]