29 шілдеден бастап Қазақстан қор биржасында Ford Motor Company US3453708600 (F_KZ) акцияларының сауда-саттығы тоқтатылды

26.07.24 16:16
/KASE, 26.07.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 29 шілдесiнен бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың 07 тамызына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, Ford Motor Company (АҚШ) US3453708600 ("KASE Global" секторы, F_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды. Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 07 тамызында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 09 тамызынан бастап қайта басталады. [2024-07-27]